2022 жылдың 31 наурызы мен 8 сәуірі аралығында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. 2022 жылдың 31 наурызына дейін сатуға қойылған депозиттер 7 жұмыс күні ішінде 2022 жылдың 8 сәуіріне дейін шарттарды өзгертпей жүргізіледі, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін «Отбасы банк» наурыздың соңғы күндерінде клиенттер легі көп болуы мүмкін екенін хабарлады. Себебі 1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарын алу үшін ең төменгі жеткілікті шек көтеріледі.