Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауынан кейін әзірленген жоба аясында он бағыт бойынша 36 іс-шара жүзеге асырылатынын айтты.
Президент өкілетінің шамадан тыс шоғырлануынан бас тарту мақсатында заңнамаға мынадай түзетулер енгізілетін болды:
- Мемлекет басшысы президенттік өкiлеттердi атқару мерзiмiнде саяси партияға мүшелiгiн тоқтату;
- Президенттiң жақын туыстарының мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдары мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының басшылары лауазымдарын атқаруына тыйым салу;
- Мемлекет басшысының облыстар, республикалық манызы бар қалалар және астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жою немесе оларды тоқтата тұру жөнiндегi құзыретiн алып тастау;
- Президенттің аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар калалар, ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерiн лауазымынан босату құқығын жою.