Мәліметке сәйкес, 22 наурыз сағат 10.00-ден бастап «Екатеринбург — Алматы» тасжолының 1 291-1 426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылады. Бұл — Нұр-Сұлтан мен Теміртаудың аралығын қамтитын автожол.
Жолдың жабылуына ауа райының бұзылуы, боран мен жолдың көрінбеуі себеп болған.
Айта кетейік, кешеден бері Нұр-Сұлтан-Щучинск және Нұр-Сұлтан-Атбасар жолдары жабылған болатын.