Басты бет Басты Универсиада: Денис Тен оныншы алтынды олжалады

Универсиада: Денис Тен оныншы алтынды олжалады

Санаулы сәттер бұрын Универсиадада ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламадағы жарыс аяқталды. Бұл додада Қазақстан намысын Денис Тен мен Абзал Рахымғалиев қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денис Тен 266.97 ұпай жинап, Универсиада алтынын олжалады. Ал Абзал 12 орынға табан тіреді.

Екінші орынды жапондық Кэйдзи Танака (252.09 ұпай) еншіледі. Ал қоланы Александр Майоров (246.56) қанжығалады.

Еске сала кетсек, кеше Универсиада-2017 жарысындағы мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарлама бойынша сайысында қазақстандық Денис Тен бірінші орынды иеленген еді.

Қазір Қазақстан 10 алтын,2 күміс, 9 қола медальмен жалпы есепте екінші орында тұр.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version