Басты бет Басты Универсиада-2017: Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша бірінші орынды иеленді

Универсиада-2017: Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша бірінші орынды иеленді

Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 жарысындағы мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарлама бойынша сайысының нәтижесі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қысқа бағдарламада қазақстандық Денис Тен 94.91 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орында — 89.05 ұпаймен Жапониядан қатысып жатқан Кейдзи Танака тұр, ал үшінші орынды 87.18 ұпай жинаған ресейлік Артур Дмитриев жеңіп алды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардан 68.25 ұпай жинаған Абзал Рақымғалиев квалификациядан өтті. Артур Панихинге квалификациядан өту үшін ұпай жетіспей қалды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version