Басты бетЖаңалықтарАтырауда полициядан...

Атырауда полициядан қашқан жүргізуші өзенге секіріп кетті

Оқиға 17 наурыз сағат 17:30 шамасында болған. Лада приора автокөлігінің жүргізушісі мас күйде көлік айдап, полицейлерден көліктен түсіп жаяу қашпақшы болған.

Владимирский және Гумаров көше қиылысында автокөлікті полиция қызметкерлері күдік тудыған соң тоқтатты. Көлік жүргізушісі Авангард мөлтек ауданындағы үйлердің тұсына дейін тоқтамай, автокөлігінен түсіп, көпірге дейін жаяу жүгіре бастады. Көлік жүргізушісі Жайық өзеніне дейін жүгіріп, суға секірді, — деді патрульдік полиция қызметкерлері.

Патрульдік полиция қызмет инспекторлары құқықбұзушыны ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. 33 жастағы ер адам жүргізу құқығы жоқ бола тұра мас күйде көлік жүргізген.

Оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі (жүргізушінің көлікті масаң күйде басқаруы), және 595-бабының 1-бөлігі (маневр жасау қағиадаларын бұзу), 601-бабының 1-бөлігі (жол белгілерін және жолдың жүру бөлігіндегі таңдаларда көрсетілген талаптарды орындамау), 613-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару), 612-бабының 1-бөлігі (құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік басқаруы), 590-бабының 7-бөлігі (көлікті пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды.