20 наурыз

Медеу ауданының  ҚР Ғылым академиясының алдындағы алаңда мерекелік шара өтеді. Уақыты: 11.00-15.00 аралығы.

Түрксіб ауданының «Көктем шақырады» бағдарламасы Сәкен Сейфуллин паркінде өтеді. Уақыты: 12.00-15.00 аралығы.

Балаларға арналған «Көктем мерекесі»

Мекенжайы: «Форт верный» кафесі

Онда Наурыз мейрамына және көктемнің басталуына арналған шара өтеді. Балалар мен ата-аналарды ұлттық киім киген ұзын-аяқ адам мен қызғылт тролль қуыршақ күтіп алады. Шарада гүл перілері мен Шығыс ханзадасы қонақтарға Наурыз мейрамы туралы қызық мәліметтерді айтып береді. Сонымен бірге отпен көпіршік шоуын көрсетеді.

Үстелді броньдау үшін +77771901195 немесе +77472522575 номеріне хабарласу қажет. Бағасы — 3000 теңге.

афиша наурыз
Фото: Kassir.kz

21 наурыз

1. Уақыты: 11.00-17.00 аралығы

Мекенжай: Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелері

50-ден астам ШСП-дер сәулет нысаны мен қондырғы орнатылады. Жаяу жүргіншілер көшелерінде киіз үйлер тігіліп, қолөнершілердің жәрмеңкесі, мейрамханалар аллеясы, суретшілердің көрмелері мен балалар аймақтары ұйымдастырылады.

2. Уақыты: 11.00-17.00 аралығы

Мекенжай: Панфиловпен Қарасай батыр көшесіндегі шағын сахна

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, балалар шығармашылық ұжымдары, диджейлер мен интерактивтер, Диана Шарапова мектебі және Мұрат Мұтұрғанов өз өнерлерін көрсетеді.

3. Уақыты: 11.00-17.00 аралығы

Мекенжай: Жібек жолы көшесіндегі сахна

«Алматы Әуендері», «Бозторғай» Халықаралық балалар фестивалі концерттік бағдарламасын ұсынса, диджейлер мен интерактивтер және шығармашыл жастар өз өнерлерін көрсетеді.

4. Уақыты: 12.00-ден 17.00-ге дейін

Мекенжай: «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаң

Концерттік бағдарлама, ұлттық дәстүрлер көрсетілімі ұйымдастырылады, 16.00-де кешкі концерт басталады.

4. Уақыты: 12.00-де

Мекенжай: ҚБТУ ғимараты алдындағы «Астана» алаңында

Көрермендерге қазақ мәдениетінің ерекшелігін көрсететін барабандар, дауылпаздар мен қобыздарды қолдана отырып театрландырылған шоу өтеді. Осы іс-шара үшін арнайы заманауи өңдеуде музыкалық этно-фольклорлық композиция жазылды. Мерекелік концертке барлығы 500-ден астам әртіс қатысады. Сонымен қатар сахнада 100-ден астам адам өнер көрсетеді.

Қойылымда Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Жамиля Серкебаева, Рухия Байдукенова, Тамара Асар, Парвиз Назаров, Ситора, Дильназ Ахмадиева, Диана Шарапова, ДинаЯ, Ардақ Балажанова, Айгүл Елшібаева, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали, Ерболат Чалдыбеков, Ардақ Балажанова, Әли Оқапов, «KeshYou», «Блокбастер» шоу-балеті, домбырашылар ансамблі, «Салтанат» би ансамблі, «Сарын» тобы, «Filigram» шекті аспаптар квартеті және тағы басқа өнер адамдары қатысады.

Театр қойылымдарымен қатар ретро мотивтер мен заманауи композициялар болады. «Бозторғай» балалар хоры Наурыз мейрамына арнайы жазылған қазақ және орыс тілінде «Бейбітшілік бүкіл әлемде» («Мир всем мире») әнін орындайды.

The Magic of Nomads концерті

Уақыты: 18.30

Мекенжайы: Ескендіров, 1

Наурыз мейрамы қарсаңында The Magic of Nomads этно-фьюжн тобы музыкалық кешіне шақырады. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, заманауи өңдеудегі ұлттық шығармалардың виртуоздық қойылымы және лирикалық халық әндерін авторлық интерпретациялау арқылы бай даламыздың рухымен үндеседі. Бағасы — 12 000 — 30 000 теңге.

11.00-15.00 аралығы Әуезов ауданында әкімдік алындағы алаңда мерекелік шара өтеді.

11.00-13.00 аралығы Бостандық ауданындағы «MEGA Centеr» СОО амфитеатрында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.

11.00-14.00 аралығы Жетісу ауданының «Гүлдер» саябағында шара өтеді.

11.00-15.00 аралығы Наурызбай ауданындағы Абай даңғылында (Алатау көшесінен Тараз көшесіне дейін) шара ұйымдастырылады.

21-22 наурызда Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда «Қазақ әуендері» АҚ Нұр-сұлтан әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

22 наурыз

12.00 – 17.00 аралығын Алмалы ауданының Махатма Ганди атындағы паркінде мерекелік шара ұйымдастырылады.

11.00-14.00 аралығы Алатау ауданындағы «Алатау» ДӨТ алдындағы алаңда өтеді.

«Ғұндар» этно-ауыл

Уақыты: 11.00-17.00 аралығы

Бұл шараға барсаңыз, ғұндардың ауылында жүргендей сезімде боласыз. Ұйымдастырушылар сізді шашу және тәттілермен қарсы алады, түскі ас береді. Бауырсақ, самса, наурызкөже, шайдан дәм татасыз. «Арқан тарту», ​​»Бұқа тарту», ​​»Қой көтеру» қазақ ұлттық ойынына, «Киіз үй құрастыру», «Атқа міну», «Садақ ату», «Қаттама нан» тағамын дайындау шеберлік сабағына қатыса аласыз.

Сонымен бірге «Сарбаз рухы» клубының, «Арқайым» неоэтно-фольклорлық тобының өнерін, «Медет пен Айсұлудың махаббаты туралы аңыз» қойылымын тамашалай аласыз. Толық ақпаратты Kassir.kz сайтынан білуге болады.

LIVE концерт, Айқын мен Raim

22 наурызда Айқын мен Raim-ның Республика сарайында өтетін концертіне баруыңызға болады. Билет бағасы 4 000 теңгеден басталады. Уақыты — ч19.00-де.

концерт наурыз
Фото: Kassir.kz

мейрам кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күшейтілген режим қабылданады. тыйым салынған заттарды алып жүруді анықтау үшін Қала көшелерінде мерекелік іс-шаралар барысында қажет болған жағдайда құқық қорғау органдары тексерулер жүргізеді, Қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз, — деп жазды Алматы әкімдігі.