2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 246 мыңнан асты.
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) — 105 538 теңге, — делінген хабарламада.
2022 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге — 71,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге — 163,8 миллиард теңге бөлінді, — делінген хабарламада.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалғанын еске салайық.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.