Ғалымжан Пірматов геосаяси жағдайдың нашарлауы мен сыртқы тәуекелдерді ескере отырып, инфляцияны арттыру болжамы қайта қаралып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, инфляция тәуекелдері 2022-2023 жылдардағы нысаналы дәлізден айтарлықтай өскені байқалады.
2022 жылдың ақпанында жылдық инфляция 8,5%-тен 8,7%-ке дейін жеделдеді. Азық-түлік тауарлары инфляцияға үлкен үлес қосады, олардың бағасының өсуі нан-тоқаш өнімдері, жарма, сүт өнімдері мен көкөністердің қымбаттауына байланысты 10% дейін өсті, — деді Ғалымжан Пірматов.
Ұлттық банк төрағасының мәліметінше, азық-түлікке жатпайтын инфляция 8,5%-тен 8,6%-ке дейін өсті.
Ақылы қызмет көрсету 6,8%-тен 7,1-ке дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарықтық қызмет бағасының өсуіне байланысты,- деді ұлттық банк төрағасы.