Басты бетЖаңалықтарЕлімізде кітап...

Елімізде кітап оқудан ірі сайыс басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай биыл «Шұғыла» қоры мен «Дария» дамыту орталығы үшінші «Тұлға болам» кітап оқу сайысын ұйымдастырғалы отыр.

Сайысты ұйымдастырушылардың айтуынша, былтыр «Тұлға болам» сайысына 50 мың адам, екінші бәйгеге 108 мың адам қатысқан екен. Ал бұл жолғы үшінші сайысқа 500 мыңдай адам қатысуы мүмкін.

Жарыстың шарты мен талаптары:

  • Сайысқа 4 оқушылар тобы және 1 ересектер тобы қатысады: 1-2 сынып, 3-4 сынып, 5-8 сынып, 8-12 сынып және студенттер мен ата-аналардан, басқа да ересектерден құралған топ. Яғни сайысқа кез келген адам қатыса алады.
  • Əр топтың кітабы және жүлдесі бөлек. Сайысқа қатысушылар қазақ классиктері мен әлем классиктері кітабын оқып жарысады. Қатысушылар 3 кезенде 3 кітапты оқып бітіруі тиіс. Бірінші кезеңде мына кітаптар беріліп отыр:
  • 1-2 сыныпқа – Ертегілер топтамасы
  • 3-4 сыныпқа – Бауыржан деген бала бар (Әлдихан Қалдыбаев)
  • 5-8 сыныпқа – Бір атаның балалары (Мұхтар Мағауин)
  • 8-12 сыныпқа – Сүлеймен патшаның кеніші (Хаггард Генри)
  • Ересектерге – Сүлеймен қарақшы (Момбек Әбдәкімұлы)
  • Әр кезеңнің соңында кітап бойынша 100 сұрақтан тұратын онлайн-тест өтеді. Ал онлайн-тестіге 16 минут уақыт беріледі.

100 сауалға жауап беруге 16 минут жеткілікті. Кей қатысушылар 7-8 минутта тапсырып тастайды. Сондықтан осы уақыттың ішінде сауалға түгел жауап беруге тырысу керек, — дейді «Дария» даму орталығы директорының орынбасары Бақытжан Асқаров.

Жарысқа қатысу үшін tulgabolam.kz сайтына еніп тіркеліңіз. Тіркеу 9 сәуірге дейін жалғасады.