Витас өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында:
Құрметті достар!
Ресми мәлімдеме жасағым келеді:
Соңғы төрт күнде әлеуметтік желілерде маған қатысты айтылып жатқан жағымсыз пікірлер көбейіп кетті.
Мен кез келген өнерге, кез келген өнер адамына құрметпен қараймын.
Сот органдарына шағымданып немесе өзгенің өнеріне талдау жасап, зерттеп, өзге әртістердің шығармашылық өмірі мен қызметіне араласып көрген емеспін.
Және ешқашан олай етпеймін де.
Әр әртістің айналасында туындайтын заңдық қайшылықтарға, даулы мәселелерге келетін болсақ – ол қандайда бір мемлекетте мүддесін қорғайтын продюсер немесе компанияның құзіреті.
Танымал орындаушылардың айналасында құқықтық қайшылықтар мен даулар әркез бола береді – бұл қалыпты жағдай, алайда бұның соңы жағымсыз жағдайларға, қақтығыстарға, әсіресе біреуді кемсітуге ұласпауы керек.
Мен бәрін сабырға келіп, маған лайк басуға шақырамын. Құрметпен, Витас»,-деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «I am singer» байқауына қатысып, қытайлық тыңдармандардың сүйіктісіне айналды.
Екінші айналымда ол Витастың «Опера №2» әнін орындағаны үшін ресейлік әртістің мүддесін қорғайтын компания Димаштың үстінен шағым түсірді. Ол Димашқа бұдан былай ешбір сахнада Витастың әнін орындамауы туралы талап қойған еді.