Тексеруден кейін Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жабылады. Комиссия 35 заң бұзушылықты анықтады.
Бұған дейін білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне университет қызметкерлерінен шағымдар келіп түскен болатын. Бұл университетте жоспардан тыс тексеру жүргізуге себеп болды. Нәтижесінде комиссия тексеру парағының 46 тармағының 35-і бойынша заңсыздықтарды анықтады,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, тексеру нәтижелеріне университет шағым түсірді, алайда бірінші және екінші сатыдағы соттардың шешімдерімен комитеттің тексеру нәтижелері бойынша барлық әкімшілік акті өзгеріссіз қалдырылып, университеттің шағымдары қанағаттандырылмады. Енді оны жоғарғы сот қарайды.
Сонымен қатар, комитеттің шешімімен университет бас лицензиясынан айырылды. Бұл шешімге қатысты да университет тарапы сотқа шағымданды.