2022 жылғы 9 наурызда Ресей үкіметінің шешіміне сәйкес, бұрын енгізілген COVID-19 таралуын болдырмау аясында Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Иранға тұрақты емес және тұрақты рейстерге шектеулер алынып тасталды,- деп хабарлады Росавиация.
Авиакомпаниялар тұрақты және тұрақты емес рейстерді орындау кезінде Ресей федерациясының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 18.03.2020 жылғы № 7 «COVID-19 таралуын болдырмау үшін оқшаулау режимін қамтамасыз ету туралы» қаулысының ережелерін сақтауы керек, — дейді Росавиация.