Қазақстан мен Ресей арасындағы жолаушыларды үздіксіз тасмалдау мақсатында агенттік қазақстандық SCAT әуекомпаниясымен бірлесіп, елдер арасындағы тұрақты рейстер санын арттыру мәселесін пысықтады. Соның ішінде Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыттары бойынша аптасына 2-ден 7 рейске дейін және Алматы-Мәскеуге аптасына 7 рейске дейін, — делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта министрлік Air Astana әуе компаниясымен бірлесіп, әуе рейстерін мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін мүдделі тараптармен осы мәселелерді жедел шешеді.
Айта кетейік, бұған дейін Air Astana Ресейге барлық рейсін тоқтатты.