Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. «ӨКМ операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды, — делінген ANTIKOR News Telegram-каналында.
Агенттік сонымен бірге бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және «ӨКМ операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталғанын еске салды.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, экология, геология және табиғи ресурстар экс-вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті екі айға қамауға алынған еді.