«ӨКМ операторы» басшысы мен экология вице-министрі ұсталды

Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын растайды, — делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, олар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.

Ахметжан Пірімқұлов пен Медет Құмарғалиев Нұр-Сұлтанның уақытша ұстау изоляторына қамалды.