Басты бетҚоғамБибігүл Асылова...

Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды 

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтініші бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады.

1994-1998 жылдары Көкшетау және Петропавл мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеді.

1998-2016 жылдары қаржы министрлігінің, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, мәдениет министрлігінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді.

2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.