Басты бетЖаңалықтарҮкімет басшысы...

Үкімет басшысы жем-шөп проблемасы биыл қайталанбауын тапсырды

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бұл бағытта мемлекеттік органдарға бірнеше нақты тапсырма жүктеді:

  • Бірінші, ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар дақылдар мен жем-шөпті жеткілікті көлемде егуді қамтамасыз етсін.
  • Екінші, экология министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдермен бірге жаз айларында шаруаларды сумен қамтамасыз ету шараларын қабылдасын.
  • Үшінші, индустрия министрлігі әкімдермен бірлесіп, бірінші кезекте, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін минералдық тыңайтқыштарды өндірушілермен жұмыс жүргізсін.

2021 жылы еліміздің кейбір аймақтарында жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша проблемалар болғанын білеміз. Биыл бұл жағдай қайталанбауы тиіс. Сондықтан «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» өзінің форвардтық сатып алуы аясында шаруашылықтарды осы жұмысқа ынталандыруы керек, — деді Әлихан Смайылов.