Биыл тыңайқыштардың бағасы 2 есе өсті. «Қазфосфад» пен «Қазазот» бірден бағаны көтерді. Мұнымен біз келісе алмаймыз. Әрине олардың инвестициялық бағдарламалары бар, модернизациялау жұмыстары жоспарланған. Біз оны қолдаймыз. Бірақ бағалар бірден өспеу керек. Біртіндеп өсіруге болады, — деді ол үкімет отырысында.
Әлихан Смайылов мәселені монополияға қарсы орган жіті зерттейтінін ескертті.
Олардың өнімінің қолжетімді болуы маңызды. Бұл мәселелерді монополияға қарсы органға тапсырдық. Өндірішулермен бірлесіп бұл мәселені тез арада пысықтауымыз керек. Жұмысты ұйымдастыру Роман Склярға жүктеледі, — деді премьер-министр.