Жиын ертең, 10 наурызда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Махатма Ганди саябағында (Шевченко көшесі-Жароков көшесінің қиылысы) өтеді.
Азаматтар инфляцияны ескере отырып, жәрдемақы мөлшерін көбейтуді, мүгедектердің құқықтарын бұзуды тоқтатуды, әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бастауды талап етеді.
Сонымен бірге митингіде әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы Aleumet.egov.kz және басқа да тақырыптар көтеріледі.
Еске салайық, кеше, 8 наурызда Алматыда гендер теңдігі мен әйелдердің саясатқа араласуына арналған митинг өтті.