Айнұр Садырбаева Алматыдағы әйелдер құқығына арналған митингіге қатысты. Ол технолог мамандығы бойынша білім алған. Дегенмен 4 жылдан бері кәсіби біліміне сай жұмыс таба алмай жүр. Оның айтуына қарағанда, жұмыс берушілер кадр таңдағанда ер адамдарға басымдық береді.

Айнұр Садырбаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Айнұр Садырбаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Технолог мамандығында 17 қыз, үш ұл оқыдық. Оқуды тәмамдаған соң өз мамандығым бойынша жұмыс істегім келіп, өндіріс орындарына бардым. Сол кезде маған «сіз қызсыз, сол себепті сізді жұмысқа ала алмаймыз» деді, — дейді ол.

Айнұр Садырбаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Айнұр Садырбаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Айнұр болашақта еңбек нарығына технолог ретінде араласуға мүмкіндігі жоқ екенін білген соң басқа салаға ауысуға мәжбүр болған.

Бір жыл лаборант болып жұмыс істедім. Кейін басшыларға технолог болуға білімім жететінін айттым. Дегенмен олар қанша білікті маман болсам да, технолог ретінде тек ерлерді жұмысқа алатынын айтты. Осы жауапты естіген соң көңілім қалды, — дейді  Айнұр.

Биыл халықаралық әйелдер күніне арналған митингінің тақырыбы — әйелдердің мемлекетті басқару ісіне араласуы. Ұйымдастырушылардың бірі Мира Оңғарованың айтуынша, Алматы әкімдігі митингіге рұқсат еткен, бірақ марш өткізуге тыйым салған.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Меніңше, жергілікті биліктің марш өткізуге рұқсат бермеуіне Қаңтар оқиғасы әсер еткен сияқты. Олар қандай да бір  оқыс іс-әрекет болады деп қорқуы мүмкін. Олардың бұл шешімі негізсіз деп есептеймін. Себебі былтырғы тәжірибемізбен бейбіт шеру өткізе алатынымызды, талабымызды айта алатынымызды көрсеттік, — деді ұйымдастырушы.

Мира Оңғарова
Мира Оңғарова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Феминита» ұйымының басшысы Жанар Секербаева Қазақстан билігінде отырғандардың 50%-і әйелдер болуы керек деп есептейді.

Жанар Секербаева
Жанар Секербаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Жанар Секербаева
Жанар Секербаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

1990 жылдардан бастап бүгінге дейін саяси институттар, мемлекеттік орган, партия, мәслихат, парламент және президент лауазымы сияқты мемлекетті басқару ісімен айналысатын әйелдер санын 30%-ке жеткізе алмай жатырмыз. Қазір билікте менің атымнан сөйлеп, мәселемді, талабымды айтатын әйел жоқ. Әлі күнге дейін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң күшіне енбеді. Бұл — парламентке сын! Менің талабым — Қазақстан билігінде отырғандардың 50%-і әйелдер болуы керек. Себебі әйел-басшылар ЛГБТК өкілдерінің, ВИЧ-пен ауыратын, нашақор әйелдердің, мигрант, секс қызметпен айналысатын әйелдердің құқығына бей-жай қарамайды деп ойлаймын, — деді ол.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал Жәмила Қасымханның айтуынша, саясатта әйелдердің аз болуы Қаңтар оқиғасы кезінде білінді.

Қаңтар оқиғасы тарихымызда алғаш рет болды. Осы оқиға кезінде билік дайын емес екенін көрдік. Салдарынан қаламыз өртке оранды, азаматтарымыз қаза тапты, зардап шекті. Әлі күнге дейін қайғырамын. Қалаларымызда билік өкілдері бой көрсетпеді. Мысалы, сол кезде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайда еді? Халықпен сөйлесіп, талабын тыңдады ма? Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов халыққа басу айтты ма? Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдына шықты ма? Дәл сол қиын кезде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қорықпай, шықты. Қазақ «қатын бастаған көш оңбайды» дейді, бірақ біз бұл теріс түсінік екенін көрсетіп келеміз. Атадан қалған сөзді өзгертетін кез келген шығар? — деді Жәмила Қасымхан.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал гендер мәселесін зерттеуші, халықаралық құқық маманы Әйгерім Құсайынқызы 8 наурыз әйелдерге тек гүл мен тәтті беретін емес, әйелдердің ерлермен тең құқылы еткен күн екенін естен шығармауды өтінді.

Әйгерім Құсайынқызы
Әйгерім Құсайынқызы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ол әйелдердің басқару ісіне араласуына қатысты айтылған қазақтың кейбір мақал-мәтелінің, нақыл сөзінің теріс екеніне дүниежүзінің дамыған мемлекеттерін басқарып отырған әйелдерді мысал ету арқылы аргумент келтірді.

1960-2021 жылдар аралығында дүниежүзінің 58 мемлекетінде басшы әйел болған екен, бірақ 119 мемлекетте бірде-бір әйел билікке келмеген, сол елдердің бірі – Қазақстан. Неге деп ойласаңыз, оған мәдениет, тарих, бізді тежеуіш ретінде ұстап тұрған қазақ мақалдары әсер етуі мүмкін. Мысалы, «Байтал шауып бәйге алмас», «Қыз бастаған көш оңбайды». Мұндай мақалдарға «жоқ» деп айтатын кез келді. «Қыз бастаған көш озады». Оған Жаңа Зеландия мен Финляндияны басқарып отырған басшылар мысал бола алады. Әйелдер сабырлы, ақылды, күйеуінің кеңесшісі деген рольден шығуы керек. Неге? Біз сабырлы болсақ, күйеуімізге бәсеке тудырмаймыз. Сабырлы, нәзік болсақ, дауысымыз саясатта естілмейді, бірақ осыны өзгертетін күн жақындағынан бүгін көріп отырмын. Арманым  —  Қазақстанның бірінші әйел президентін, парламенттің 50%-і әйел болғанын көру. Өйткені әйел ғана әйел проблемасын түсіне алады. «Әйелдер шешім шығарған кезде ақылға емес, сезімге жүгінеді». Бұл да — біз сеніп жүрген миллиондаған теріс түсініктің бірі. Егер осы мақалдарға, түсініктерге мен сияқты сеніп келсеңіз, онда, өкінішке қарай, біз — патриархал қоғамның құрбанымыз. Әйел бар жерде шешім бар. Біздің орнымыз  — отбасы, ошақ-қасы ғана емес, парламент пен билік, — деді Әйгерім Құсайынқызы.

Сонымен бірге жиында сөйлегендер әйелдердің зейнет жасын төмендетіп, 58 жасқа түсіруді, қоғамдағы әйелдерге қатысты патриархат пен сексизм стереотиптерін жоюды, адам құқығын қорғауды, саяси себеппен тұтқындалған азаматтарды босатуды талап етті.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

2021 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 67 әйел қайтыс болған. Митингіде осы жағдайдың символы — қара табытты ортаға алып келді, жиналғандар бір минут үнсіз тұрып, олардың әруағына тағзым етті.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдындағы алаң бұл күні әйелдер құқығы тақырыбын жан-жақты қамтитын, мазмұны әртүрлі ұран жазылған, қызылды-жасылды плакаттарға толды. Жиналғандар шараның ортасында «Песня женщины» әнін шырқады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Митинг соңында белсенділер Украинадағы соғысты дереу тоқтатуды талап етіп, флешмоб өткізді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мейірман Лес, Наргиза Аршидин