Кеңес аясында АХҚО-ның инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі, қаржы орталығының қазіргі жай-күйі және қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасының ықтимал әсері мәселелері талқыланды.
Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1 200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-тен аспайды. АХҚО бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайлары байқалмайды, — деді АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов.
Ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.