Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер мәліметінше, демалыс күндері циклон Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғал қорын әкеледі.

Осыған байланысты көп өңірлерде жаңбыр жауады. 5 наурызда — батыста және елдің оңтүстік жартысында, 6 наурызда — елдің солтүстік жартысы мен орталығында қар мен жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Елдің солтүстік бөлігінде бұрқасын соғады,- делінген хабарламада.