Басты бетЖаңалықтарБҰҰ: Украинада...

БҰҰ: Украинада кемінде 227 бейбіт тұрғын қаза тапты

БҰҰ жоғарғы комиссарының адам құқықтары жөніндегі басқармасы Twitter-дегі ресми парақшасында 24 ақпанда соғыс басталғаннан бері Украинада кемінде 227 бейбіт тұрғын қаза тауып, 525 адам жарақат алғанын айтты.

2022 жылы 24 ақпанда таңғы сағат 4-тен Ресей Украинаға қарсы соғыс қимылдарын бастаған кезден бері 2022 жылы 1 наурыз түн ортасына дейін Украинада 752 адам қайтыс болды немесе жарақат алды. Соның ішінде 227 адам қайтыс болды (31 ер адам, 25 әйел, 6 ұл және 3 қыз, сонымен қатар жынысы әлі анықталмаған 6 бала және 156 ересек) және 525 жаралы (42 ер адам, 33 әйел, 7 қыз және 2 ұл, жынысы әлі анықталмаған 19 бала және 422 ересек), — делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі Украинадағы Ресей әскерінен қанша адам қаза тапқанын жариялаған болатын.