Резолюцияны 141 ел қолдап, 5 ел қарсы болды, 35 ел қалыс қалды. Қазақстан қалыс қалғандардың қатарында.
Әзірбайжан, Түрікменстан мен Өзбекстан дауыс беруге қатыспады. Ал Ресей, Беларусь, Солтүстік Корея, Сирия мен Эритрея қарарға қарсы дауыс берді.
Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ қарарына дауыс берген елдерге алғыс айтты.
Сіздер тарихтың дұрыс жағын таңдадыңыздар, -деп жазды Владимир Зеленский Twitter желісіне.