Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматыдағы президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген болатын.