Алматы әуежайын басып алу оқиғасынан кейін азаматтық авиацияны қорғау күшейтіледі

Отырыста қаңтардағы Алматы халықаралық әуежайын басып алу оқиғасы мен азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау тәсілдері айтылды.

Әуежайлар мен авиакомпания өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Соның ішінде азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды жетілдіру бойынша ұсыныстар түсті. Оларды Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті жұмысқа қабылдады, — деп толықтырды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Кеңес қорытындысы бойынша, әуежайлар мен авиакомпанияларға тәуекелдерді тұрақты түрде талдап отыру тапсырылған. Нысандардың қорғалуына сапалы, үздіксіз мониторинг жүргізу, азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша шаралар қабылдау жүктелді.