Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылады, — делінген хабарламада.
Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматыда туған. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
2009-2015 жылдары ҚР индустрия және сауда, инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.
Әр жылдары әкімдіктердің, «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы құрылымдарында жұмыс істеді.
2021 жылғы ақпаннан қазірге дейін ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.