Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.
Еске салайық, президент мұның алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қызметінен босатты. Ол ішкі істер министрі болды. Ал бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент кеңесшісі болып тағайындалды.