Басты бетЖаңалықтарМарат Ахметжанов ішкі істер министрі болып тағайындалды

Марат Ахметжанов ішкі істер министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылсын, — делінген жарлықта.

Айта кетейік, мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.