Талғат Құрманбаев «ҚазТрансОйл» бас директоры болды

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен Талғат Құрманбаев 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап «ҚазТрансОйл» бас директоры (басқарма төрағасы) болып сайланды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылы 14 қаңтарда «ҚазТрансОйл» компаниясының бас директоры — басқарма төрағасы Димаш Досанов қызметінен кетті. Ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі.