Басты бетҚоғамІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың отставкасы туралы айтты

ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың отставкасы туралы айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы сол қалыпты жұмыс істеп жатыр, – делінген Polisia.kz хабарламасында.

Мұның алдында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кеткені жөнінде ақпарат пайда болды. Telegram-дағы каналдар Ерлан Тұрғымбаевтың орнына ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деп болжаған.