Біз Ресейдің егемен қарызына санкция салып жатырмыз. Бұл Ресей үкіметін батыс қаржыландыруды тоқтатты дегенді білдіреді. Ол енді батыстан қарыз алып, оны біздің нарықтарда немесе Еуропа нарықтарында саудалай алмайды, — деді Джо Байден Ақ үйде сөйлеген сөзінде.
Джо Байден егер Ресей көрші мемлекетке қарсы агрессиясын кеңейтетін болса, Вашингтон «санкция мәселесінде ары қарай шара қолдануға дайын екенін» мәлімдеді.
Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкерінің активтеріне санксия салынғанын жариялады. Ақпаратқа сәйкес, санкциялар Ресейдегі және шетелдегі танымал үш кәсіпкер – Геннадий Тимченко, Борис және Игорь Ротенбергтерге де әсерін тигізеді.
Олардың Ұлыбританиядағы кез келген активтері бұғатталады, мұнда кіруге және біз Ұлыбританияның барлық компаниялары мен жеке тұлғаларына олармен бизнес жүргізуге тыйым саламыз,- деді Борис Джонсон.