Басты бет Жаңалықтар Баян Есентаева соққыға жығылып, жансақтау бөлімінде жатыр

Баян Есентаева соққыға жығылып, жансақтау бөлімінде жатыр

Баян Есентаева соққыға жығылып, жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

comode.kz

ІІД мәліметінше, Баян Есентаева бүгін, 10 маусымда Алматы облысындағы Құлжа тас жолының бойында соққыға жығылған. Бұл дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде оның күйеуі тіркелген. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр.

Ал «Время» газетінің мәліметінше, оқиға 12.15-те бензин құю бекетінің алдында адамдардың көзінше болған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам Баян Есентаеваны қатты ұрып-соғып, ішіне пышақ салған. Куәгерлер оқиға орнына жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Есентаева ауруханаға жеткізіліп, дереу ота жасалыпты. Ауруханада жасалған жазбаға қарағанда, продюсер пышақ жарақатын, бассүйек ми жарақатын алған және мұрны сынған. Ұсталған ер адам Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген. Газеттің дереккөзінің мәліметінше, Баян Есентаева пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқан, алайда оның өміріне еш қауіп жоқ екен. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Ал, продюсердің өзі бұл оқиғаны жоққа шығарды. Қазіргі уақытта продюсер отбасымен Германияда демалып жатыр екен.

«Сіздің сөздеріңізге қатты таң қалдым. Менде бәрі жақсы. Германиядағы check-up(профилактикалық медициналық тексеру)-қа келдім. Күйеуім жанымда», – дейді Есентаева телефон арқылы берген сұхбатында, – деп хабарлады total.kz.

8 пікір

  1. Неге жалған болып шықты. Жел болмаса шөптің басы қыймылдарайды. Айле болғасын айелдігін сақтап қалса да өмір өз орнында тұрмайдығой. Сабр берсен Алладан жасыра алмағанды адамннен неге жасырады…

  2. — Өнерлі адамға қалай жүру керектігін де айтуымыз тіптен ұлт мінезіне жатпайды ғой!!! Оны тек аға алдында пейіліңді көрсет, қарындас пен достың алдында мейіріміңді көрсет дегендей, жақсылықпен ғана жүріп, әлжуаздана бермей, нағыз ерлері бар- еліне де байланысты болса,онда не болып ты , осы- жастарға күн жоқ болып кеткені ??!!- Өнер алдындағы — аққудай болған қыздарымызға да осындай пиар сөзін арнағаны!!» Одан да әрқайсымыздан- -талай мінез,талай жақсы сезім,бесіктен басталып, сол нәрестедей тербеліп- бейбіт өмірге,қазіргі ҚАЗАҚСТАНҒА — ізгі жандылықпен өң мен нәр беріп, басымызға ақыл. бойымызға күшті қуат бере берсін -халқымыздан болып… Ағайындар !!!- ағайын тату болса-ат көп, Абысын тату болса -ас көп дегендей, төртеуіміз түгел болып- төбедегі келе берсінде одан да интригашыл бола бермей- қазір » ВЕЛИКОЛЕПНЫЙ БРИЛЛИАНТ СҰЛТАН «УАҚЫТЫСЫ ЕМЕС ҚОЙ !!!??

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version