Баян Есентаеваның тойы мамыр айына жоспарланған

Белгілі бизнесмен Тұрсынғали Алагөзов Tengrinews.kz тілшісінің той қашан өтетіні туралы сұрағына, «Біз бұл мәселені шешіп қойғанбыз. Ал достармен, туыстармен дастархан басына жиналуға келсек — меніңше, көктемге қарай. Көктемде, мамырда тойлаймыз деп ойлаймын»,-деп жауап берді.

Ал Баян Мақсатқызы тойдан кейін тегін ауыстырып, Алагөзова болғысы келетінін жасырмады. «Адамдар мен жайлы жай ғана «Баян» деп сөйлемейді. Енді ауыстырғым келеді, себебі мен Есентаевтың әйелі емеспін. Енді Алагөзовтің жұбайы болғым келеді. Баян Алагөзова болғым келеді. Ері мен әйелі бір болуы керек. Балалы болып жатсақ, шешесі Есентаева, әкесі Алагөзов болып жүргенімізді қаламаймын»,-деді продюсер.

Баян Есентаева Тұрсынғали Алагөзов
Фото: Владимир Дмитриев

Айта кетейік, бизнесмен әлі бұрынғы әйелімен ажырасу үстінде. Оны Тұрсынғали арадағы мүліктің теңдей бөлінуімен  созылып кеткенін айтады. «Ақпанның соңына дейін мәселе шешіледі деп ойлаймын. (…) Танысқан адамдардың 99 пайызы некеде болады. Біздің жағдайда да солай болды»,-деді ол.

Баян Есентаеваның айтуынша, олар жұмыс бабымен танысқан. «Құрбым телефон шалып, «Аналар үйі» жайлы сериал түсіргісі келетін меценат жігіттер жайлы айтты. Дым да түсінбедім. Сондықтан бірден келісім бермедім. Маған «өтінемін, жігіттер телефон соғады, Тұрсын деген» деді. Келісім бердім. Осы кезде қоңырау шалынды. Құлаққа жағымды ер адам даусы, әдеппен сөйлесті. Әдеттегідей сағат түскі екіде кездесуге келісім бердім. Бұл өткен жылдың наурызы болатын. Кездесуді түске дейінгі уақытқа қоймайтын едім. Тұрсын көмекшісімен келді. Әңгіме барысында қалай сериал түсіру керек екені жайында кеңес сұрады. Қандай технологияны қолдануға болатынын айтып бердім. Іскерлік кездесу болды»,-дейді продюсер.

Естеріңізде болар, өткен жылдың 10 маусымы күні Баян Есентаева ауыр жарақатпен ауруханға түскен еді. Баянның айтуынша, сол күні Тұрсынғали екеуі бірге келген. Ол туралы Баян: «Иә, шын мәнінде бірге болдық, мұны жасырған да жоқпын, біз өткен жылдың көктемінде таныстық. Мен тұрмыста едім. Бірақ мен тұрмыстағы өмірім жайлы, ажырасқым келгені жайлы осыған дейін де айтқанмын. Мұнда менің жеке өмірім жайлы әңгіме болған жоқ. Іскерлік кездесу болды, ешкімде «іс насырға шабады» деген ой болмады»,-деді.

Ал, журналистің «Оқиға кезінде Баянға неге ара түспедіңіз?» деген сауалына, Тұрсынғали Баянды үйіне жеткізіп салуды ұсынғанын, алайда оның бас тартқанын айтты. «Баян қарсы болып, мен оны таксиге отырғызып жібердім. Бұл оқиға такси жүргізушісінің көзінше болды. Ол бірінші кезекте құқық қорғау органдарына хабарласуы керек еді»,-деді ол.

Осы оқиғадан кейін Баян бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен ажырасып, Бақытбек 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Баянның айтуынша, олар қазір араласпайды. Тек қыздары ғана сөйлесіп тұрады екен.

Баян Есентаева
Фото: Владимир Дмитриев

Сұхбат барысында, Баян өзін ешқашан үлгі деп атамағанын, оның да қателесуге құқы бар екенін алға тартты. «Мәселе маған келгенде мен неліктен қоғам таңып отырған стандарттармен өмір сүруім керек? Мен де қарапайым адаммын. Жақсы көрмеуге де, жақсы көруге де құқым бар. Өзге әйелдерден айырмашылығым жоқ. Өзімді ешқашан үлгі деп атамағанмын. Қоғам болса адал әйел, жақсы ана, адал, батыл, тәртіпті болу керек деген түсініктерді ұстануым керек деп есептейді. Бірақ менің де қателесуге құқығым бар. Ісімнің дұрыс-бұрыстығын ешкім де білмейді. Мен ессіз ұнатып, миымды реттемеген болып шықтым. Алайда кейде сананың жүрекке бағынбайтын сәттері болады, ал мұның алдында бәрі де керісінше еді. Ертеде мен әрбір қадамымды есептеп, ойластыратынмын. Ісімнің барлығы да таразыланатын еді. Ал енді 42 жасымда осындай жағдай болып отыр, өз-өзімді тоқтата алмай, не болып жатқанын да түсіндіре алмайтын жағдай»,-деп түсіндірді ол қазіргі жағдайын.

Продюсер сұхбат арасында Тұрсынғали екеуінің махаббат хикаясын кітабынан тыс қалдырмайтынын айтып қалды.

«Кездейсоқ жағдай емес, әрине, барлық мәлімет ресми түрде мәлімдейміз дегенше жарияланып кетті. Бірақ бұл қауесет болды. Мен басым бос емес, оның әйелі бар, 10 маусымда атышулы оқиға болды. 3-4 ай бойы жұрттың алдына шыға алмадым, осы уақыт бойы шетелде болдық. Әрине, қарым-қатынасымыз жайлы сол кезде айту Тұрсынның әйеліне де, менің бұрынғы күйеуіме де құрметсіздік болар еді. Бірақ енді қауесет тарап кеткен соң, растауды дұрыс деп шештік. Иә, аз ғана уақыт өтті. Бұл үшін де сынап жатыр: «Енді ғана ажырастыңыз, бұл қалай болғаны?» дейтіндер бар. Ажырасқан адам азап көріп, бір-екі жыл қиналуы керек деген ережені қайдан шығардыңыздар. Қоғамның түсініксіз стандарттары. Әркімнің жағдайында әрқалай. (…) Адамдар ережені бұзу үшін ойлап табады. Мен әулие емеспін, басқа адамдар секілді менің де күнәм бар, қателіктерім де, жетістіктерім де бар. Мен онымен оқиғадан кейін таныстым, ал күйеуім мені себепсіз ұрып-соқты» деп өтірік айтқанша, шындықты айтқан дұрыс. Мен ешкімді алдағым келмеді. Мен қандай екенімді айттым, көрсеттім. Өмірімдегі ережелердің бірі — өз-өзіме адал болу. Ал шындық әрқашан ащы. Тұрсын батылдығын менен бұрын көрсетті. «Жасырынғанымыз жетер, «таныс емеспіз» деуді, әуежайдан бөлек шығуды тоқтатамыз» деді. Мен өз кітабымда жазатын махаббат хикаясы болды»,-деді Баян Мақсатқызы.

ДереккөзTengrinews.kz