Bek Air апатына қатысты тергеу аяқталды. Нәтижесі жақын күндері белгілі болады, — деді Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысынан кейін.
Еске салайық, ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болды. Лайнер Алматы әуежайының маңында құлады. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 13 адам қаза тапты.