Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы «Демеу»...

Алматыдағы «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды

QAMQOR жедел алдын алу шарасы аясында Алматы білім басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, — делінген хабарламада.

Тергеу мекеме қызметкерлеріне психоневрологиялық аурулары бар адамдарды ұстауға және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағып отыр. Ұрланған қаражат толық көлемде өтелді. Сот оларды екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу түрінде жазаға тартты.

2021 жылы Алматыда QAMQOR жедел алдын алу шарасы аясында бес қылмыс тіркеліп, барлық іс өндіріспен аяқталды. Жалпы белгіленген шығын 32 миллион теңгеден асты.