Басқарма өкілі «Алматы жастары» жеңілдікпен несие беру бағдарламасын биыл жалғастыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 15 миллиард теңге бөлінген.
Алайда қазіргі уақытта бағдарламаға қатысушылардың өтінішін қабылдайтын ресми сайт жұмыс істемей тұр.
Нұрбол Қажин мұны сайт әзірлеушілермен жасалған 2021 жылғы шарттың уақыты аяқталуымен түсіндірді.
«Алматы жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына өтініштерді қабылдауға арналған Almaty-zhastary.kz сайтын әзірлеушімен жасалған 2021 жылғы шарттың уақыты аяқталды. Бағдарламаның 2022 жылғы қабылдаудың басталуы, қабылдау мекенжайы (сайты), шарттары мен талаптары бойынша ақпаратты Алматы тұрғын үй саясаты басқармасының сайтынан бақылау қажет, — деп жауап берді ол.
2022 жылғы 14 ақпандағы жағдай бойынша «Алматы жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасымен 2 210 азамат тұрғын үй алған.
Атап айтсақ, 2017 жылы 108, 2018 жылы 134, 2020 жылы 1 003, 2021 жылы 965 азаматқа тұрғын үй несиесі берілген.
Басқарма былтырғы конкурс бойынша несие беруді әлі жалғастырып жатыр.
Тағы оқыңыз: «Алматы жастары» бағдарламасына қалай қатыса аламын?