Геннадий Головкин жеңіліп көрмеген боксшымен спарринг өткізеді

Бұл спаринг GGG-дің 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жегінің алдында өткізілетін болды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин барлығы 36 кездесу өткізіп, 33-ін нокаутпен жеңсе, 20 жастағы америкалық Давид Бенавидес 17 кездесудің 16-сын нокаутпен аяқтаған.

Сондай-ақ, желіде Геннадия Головкиннің әлемдегі ең қауіпті панчер екенін дәлелдейтін видео жарияланды. Оны промоутері Том Леффлер салған.

«GGG-дің бокс әлемінде ең қауіпті панчер екенін көрсететін нокауттарының тамаша видеолары бар. Бүгінде Головкин қарсыластарын 23 рет нокаутқа түсірді», — деп жазды Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

ДереккөзSports.kz