Абзал өз тобында венгриялық спортшыға жол беріп, екінші орын алды. Бұл А финалына шығу үшін жеткілікті нәтиже еді.
Тағы бір қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша өз тобында төртінші орын алып, В финалында бақ сынайды.
Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев — олимпиада тарихында шорт-тректен финалға шыққан екінші қазақстандық спортшы. Ол олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын көтеріп шықты.
Бұған дейін Әділ Ғалиахметов шорт-тректен 1 500 метрге жүгіруден финалға шықты. Ол финалда 8-орын алды.
Еске салайық, мұның алдында Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев жартылай финалға өткенін хабарлаған едік.