Алматы полициясы танымал вайнерге іздеу жариялады

Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Telegram-да мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында (қаржылық «инвестициялық» пирамиданы құру және оған басшылық ету) көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша біз Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Саидбаев Әзімжан Алымжанұлын іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау, — делінген хабарламада.

Полицейлер іздеуде жүрген адам туралы мәлімет білетіндерге +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.