Ол бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинмен БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдемесінде айтты.
Қазақстан халықаралық ЭКСПО көрмесін 2030 жылы Мәскеуде өткізу бастамасын қолдайды, — деді президент.
Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге екі күндік мемлекеттік сапармен барды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне қаңтар оқиғасында қаза болғандардың көп екені «жанына бататынын» айтты. Ал Владимир Путин Қазақстанды ел ішіндегі күрделі жағдайды пайдаланған қандай-да бір халықаралық бүлікшілердің құрбаны болды деп есептейді.
Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекет президенті 11 құжатқа қол қойды.