Елімізде әскерге барып келгендерге жеңілдік беру ұсынылды

Депутат Бекболат Орынбековтың айтуынша, ол үшін азаматтық борышын атқарып келген жастарға сан алуан жеңілдіктер беруге болады.

Оқуға түсу емтиханын тапсыру кезінде қосымша балл түріндегі жеңілдіктерді немесе әскери кафедрада білім алуға жұмсалатын мемлекет шығынына тең мөлшердегі жеңілдіктер беру мәселесін қарастыру қажет. Сонымен қатар жоғары оқу орнының бюджеттік бөліміне жеңілдікпен түсу мүмкіндігін берген жөн. Бұл ретте оқуға түсу емтиханын әңгімелесумен ауыстыру немесе жалпы білім пәндері бойынша емтихандардан босатуға болады, — деді Бекболат Орынбеков сенаттың жалпы отырысында.

Оған баспанаға немесе оқуға ақша жинауға болады. Бірақ әскери қызметшілердің ақшалай төлемдерін арттыру қажет. Сол сияқты отбасы мүшелеріне коммуналдық төлем жағынан жеңілдік беру мәселесін қарастырған дұрыс. Шақырту алған жастарды одан ары жұмысқа орналастыру үшін қызметін өткеру кезеңінде техникалық және құрылыс-инженерлік мамандықтар бойынша оқытуды ұйымдастыру қажет, — деді Бекболат Орынбеков.