Отандық қорғаныс өнеркәсібінің басты міндеттерінің бірі — кәсіпорындардың технологиялық инфрақұрылымы мен кадр әлеуетін дамыту. Бұл еліміздің Қарулы күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қазіргі заманға сай қару-жарақ пен әскери техникамен қамтамасыз ету міндетін орындауға мүмкіндік береді,- делінген хабарламада.
Биыл еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары бірқатар перспективалық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.
Атап айтқанда, «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру, «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС кәсіпорнында Airbus ұшақтарына қызмет көрсететін сервис орталық ашу; «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру, «Тыныс» АҚ, «Алма МҮ» ЖШС, «Милитарм» ЖШС кәсіпорындарында радиациялық және химиялық қорғау құралдары өндірісін жолға қою жоспарланған,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Семей инжиниринг» АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту; «Steelmanufacturing» ЖШС автоматты оқ-дәрілер өндіру, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-де «Барыс 8х8» сауытты дөңгелекті машиналар өндірісін, «Тыныс»АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісін іске қосу көзделіп отыр.