Басты бетҚоғамҚазақстан президенті...

Қазақстан президенті Ресейге екі күнге барады

Мұны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады, — делінген жазбада.

11 ақпан күні мемлекет басшысы Қазанда Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 ақпанда Бейжіңге жұмыс сапарымен барды. Ол Бейжің олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз өткізді.