Polisia.kz хабарлауынша, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көктөбе телемұнарасынан төменірек бұталардың арасынан арнайы үйретілген ит екі тегіс ұңғылы мылтықты тапты.
Төңіректі кинолог-инспектор қызметтік итімен тексерді. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы да мүмкін, – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Сонымен қатар полицияда заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілетінін еске салды. Қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, егер олардың қылмыс жасауға қатыстылығы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.