Оның айтуынша, желіге жаңа қуат көздерін қабылдау үшін ұлттық электр желісін жаңғырту негізгі жоба болуы керек.
Электр энергиясын тұтыну мен өндірудің болжамды теңгерімі бойынша таяуда елдің оңтүстігінде ірі электр станциясын салу қажет. Жасыл күн тәртібіне сүйеніп, атом электр станциясын салу ең тиімді шешім болады, — деді Алмасадам Сәтқалиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.