Өзіңізге белгілі, омикронға байланысты эпидемиология ахуалы күрт нашарлаған болатын. Қазір жағдай бақылауда деп айтсам, артық емес. Тәулігіне 16 мыңнан 2 000-ға дейін азайып отыр. Сондықтан мұның бәрі — жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі деп айтуға болады, — деді Ералы Тоғжанов.
Вице-премьер бизнеске жағдай жасау үшін шектеулер тәртібі өзгертіліп жатқанын еске салды.
Осыған байланысты 24 қаңтарда президент берген бизнеске жағдай жасау туралы тапсырмаға байланысты оларға жол ашу үшін негізгі карантин шаралары алынып тасталды. Сонымен қатар кеше ғана қазақстандық және шетелдік азаматтардың елге кіріп-шығуын жеңілдету үшін нақты шаралар қабылданды. Келесі дүйсенбі, 14 ақпаннан бастап барлық мектептерде оқуды оффлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз,- деді вице-премьер.