Бұл туралы Рrimeminister.kz сайтында хабарланды.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап визаны ресімдеуді қажет етпейтін 74 мемлекеттің тұрғындары елге келе алады. Осыған қарамастан, кірер алдында туристерге КВИ таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан рұқсат алу, сонымен қатар өз елінен тікелей рейспен ұшып шығу қажет. Вакцина алғанына қарамастан, 72 сағат ішінде жарамды COVID-19 теріс ПТР-тесті туралы анықтаманы ұсыну міндет. Бірге алып жүретін адамдарда теріс тест туралы құжат болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді,- делінген хабарламада.
Бұл шаралар экономикалық қызметті жандандыруға, отандық туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін автоөтпе жолдары арқылы шет мемлекеттерге шығу үшін шектеу мерзімі екі есе қысқартылды, енді қазақстандықтар 15 тәулікте 1 рет шыға алады.