Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 200 турнирінде гайаналық Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақта өткен бұл кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Алайда жерлесіміз бірінші раундта айналып теуіп, қарсыласын нокаутқа түсірді.
Осылайша Шавқат Рахмонов кәсіпқой мансабында 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Карлстон Харрис болса, бесінші рет жеңіліс тапты.
Техникалық нокауттың арқасында қазақстандық спортшы 50 мың доллар бонус алды.
Айта кетейік, Шавқат Рахмоновтың бұл UFC-дегі үшінші жекпе-жегі.